Logo Creative Society ЖАСАМПАЗ
ҚОҒАМ

Жасампаз қоғамды құрудың негіздері мен кезеңдері

2021 ж. 21 қаңтар
Пікірлер

Қоғамдағы ғаламдық өзгерістердің, адам ретінде өз бойындағы өзгерістердің дәуірі басталғаны ешкімге құпия емес. Қазірдің өзінде қоғам соңғы шегінде тұрғаны көпшілікке айқын. Бүкіл тұтынушылық өркениетіміз жалғандық, алдамшылық пен адамгершіліксіздіктің тау баурайында қатып қалған суық қар массасына айналғандай. Бұл оның шыңы ма? Қоғамдық санадағы климаттық, экономикалық, саяси, пандемиялық және басқа да себептерден туындаған стресс көшкіні болатыны сөзсіз. Сұрақ тек — оның зардабында. Енді біз адамдар, өз болашағымызды өзгертуге қандай әрекет жасай аламыз? Біз бәріміздің өмірімізді сақтап қалып және сөзсіз шығындар қаупін қалай азайта аламыз? Бұл тығырықтан шығатын жол бар!

Өздеріңіз білетіндей, қар көшкінін сәл итеруден, тіпті бір адамның қарға басқаны әсерінен басталып кетуі мүмкін. Бірақ қоғамның жалпы қозғалысы қайда бағытталатын болады? Өзімшілдік пен тәкаппарлықтың ажалды тұңғиығына ма, немесе қоғамға жаңа болмыс формасын әкелетін және біздің өркениетіміздің келесі ұрпақтары үшін тіршіліктерін жаңғыртуға қолайлы жағдайлар жасайтын толыққанды жасампаз өзенге ме? Сеннен басқа кім осы бағытты өзгерте алады! Бұл мақала мұны қалай жасау керектігі туралы.


*     *     *


2019 жылдың 11 мамырында бүкіл әлемдік қауымдастықтың сөзсіз жаһандық қайта құруларының бастауы болған ғаламдық ауқымдағы оқиға өтті. Тарихта бірінші рет бүкіл әлем бойынша көптеген адамдар бірге онлайн-конференция аясында жиналды. Қоғам. Соңғы мүмкіндік АЛЛАТРА Халықаралық қоғамдық қозғалысы платформасында. Адамдар қазіргі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған барлық өзекті мәселелерді ашық және шынайы түрде талқылады. Ең маңыздысы, осы сұрақтардың шынайы көзқараспен ашық түрде талданылуымен қатар, осы мәселелердің шешілу жолдары да айтылды. Осындай бұрын-соңды болмаған оқиғаның нәтижесінде — АЛЛАТРА Халықаралық Қоғамдық Қозғалысының дүниежүзілік бірегей жобасы дүниеге келді Жасампаз қоғамОның ерекшелігі неде? Біріншіден, бұл жоба біздің бүкіл өркениетіміз үшін өмірлік маңызы бар қажеттілік. Шын мәнінде, бұл адамзат өздігінен жойылатын сол менменшіл, тұтынушылық тығырықтан шығудың жалғыз мүмкін жолы. Бұл үлгілі іс пен одан кейінгі оқиғалар тізбегі менің жеке өзім үшін және бүкіл адамзат үшін мүмкіндік бар деген үмітті одан әрі нығайтуға көмектесті.

Өткен уақыт ішінде мен сияқты Жасампаз идеялармен шабыттанған АЛЛАТРА Халықаралық қоғамдық қозғалысының әр түрлі елдерінің қатысушылары бірлескен күш-жігерінің арқасында көп нәрсе жасалды. Көптеген әлеуметтік сауалнамалар жүргізілді бүкіл әлемде халықаралық онлайн-кездесулер, конференциялар, көптеген сұхбаттар түсірілді, ең қызықты мақалалар жарияланды және басқа да көптеген әлеуметтік маңызы бар жобалар іске асырылды. Біз бірге көп нәрсе жасадық. Бірақ, хабарды бәріне толық жеткізе алмағанымыз айдан анық.

Осы уақыт ішінде біз әлемнің көптеген адамдарымен сөйлестік, және біз сөйлескендердің барлығы шынымен де оған Жасампаз қоғам қажет екенін, ол үшін ол өте маңызды екенін және ол осындай әлемде өмір сүргісі келетіндігін білдірді.

Осы уақыт ішінде мен бүкіл әлем бойынша Жасампаз қоғам туралы ақпаратты тарату процесін қалай жеделдетуге болатыны туралы ойландым. Қалай бәріміз бірігіп, күш-жігерімізді одан да тиімді ете аламыз? Бұл ақпаратты, мүмкіндікті Жер бетіндегі барлық адамдарға қалай жеткізуге болады? Өйткені, уақыт күтпейді! Біз қазірдің өзінде сегіз миллиардтан кем емеспіз және бұл бәріне қатысты. Егер қазір бірдеңе жасалмаса, онда сәлден кейін апаттардың көшкіні бәрін басып, жауып тастайды. Не істеуге болады?

Мен және менің достарым осы сұрақтардың жауабын құрметті Игорь Михайлович Даниловпен әңгімелесу кезінде алдық. Игорь Михайлович әрдайым үлкен шыдамдылық пен мейірімділік танытып қоғамдағы қазіргі жағдайдан құтқарушы жолды, Жасампаз қоғамды құрудың мәні мен мағынасын жан-жақты түсіндіріп берді, біз онымен сіздердің барлықтарыңызбен бөліскіміз келеді, қымбатты достар!

МАҚСАТЫ МЕН МӘНІ

Ең бастысы — мақсат! Егер мақсат болса, бәрінің мағынасы бар, ал егер мақсат болмаса, қалғандарының бәрі мағынасыз болады. Біздің мақсатымыз қандай? Біздің мақсатымыз — іс жүзінде барлығымыз бірге адамзат болып өмір сүріп жатқан, жасырын құлдықтың бүркемелі үлгісіндегі тұтынушылық қоғамның тығырығынан шығып, хайуандар сияқты емес, Адам сияқты өмір сүре бастауымызда. Ал басты мақсатымыз бұл — болашақ ұрпағымызға пайдасы тиетін, лайықты өмір сүру мен рухани-адамгершілігінің өркендеуіне кепілдік беретін, рухани еркін адамдардың Мінсіз қауымдастығын құру. Сүйіспеншілік пен ізгілік қоғамы, немесе әртүрлі діндерде айтылатын — Эдем (Жер жәннәті). Қазірдің өзінде сізді іс-әрекетіңізде өзгертетін және өміріңізді жоғары мағынамен толтыратын болашақ қоғамы.

Бұл үшін не қажет? Кезеңдік даму. Игорь Михайлович Жасампаз қоғам — бұл адамзаттың құл иеленуші-феодалдық жүйеден қазіргі адамдар үшін мүлдем жаңа өмір салты — Мінсіз қоғамға өту эволюциясының аралық кезеңі ғана деген негізгі түсініктерін айтты. Жасампаз қоғам бұл — өтпелі кезең болып табылады, онсыз жоғары мақсатқа жету мүмкін емес — яғни рухани азат адамдардың Мінсіз қоғамына.

Игорь Михайлович осындай қызықты салыстырмалы мысал келтірді: «Үлкен жағадан су астына батып бара жатқан аралды бөліп тұрған дауылды кең өзенді елестетіп көріңіз. Бұл аралда жабайы аңдар бар. Бірақ біздің қазіргі қоғамның, шын мәнінде, олардан еш айырмашылығы жоқ. Біз дұрыс нәрселерді жариялаймыз, биік нәрселер туралы, идеалдар туралы айтамыз, бірақ іс жүзінде біз жануарлар сияқты өмір сүреміз. Біз бытырап кеттік. Біз анклавтар құрдық. Біз үнемі аумақтар үшін күресеміз, қатынастарды реттейміз, иерархиялар құрамыз, үстемдік үшін күресеміз.

Бұл Адамға лайық па? Адамның осындай жағдайда өмір сүруі орынды ма? Қазіргі қоғамда барлығы адамға қарсы. Адамдардың өздері оларды құлдыққа түсіретін қондырмаларды жасады. «Қағаздағы» мүдделерге, «мемлекеттік» мүдделерге, шағын топтар ұсынатын «қоғамдық» мүдделерге басымдық беріледі және тек ең соңында өз қолдарымен, олардың «ертегілерін жүзеге асырып», өздерін одан да зор құлдыққа итермелейді. Бұл дұрыс па? Осы абстракцияларды құру арқылы біз өз құқықтарымызды олардың қолдарына ұстаттық. Бірақ біздің құқығымызбен бірге біздің игіліктеріміз де тартылып алынды. Мұның бәрін адамдарға қайтаратын кез келді. Өйткені бұл әлем Адам үшін жаратылып, берілген.Және адам Адамдық мәртебесін жоғалтпауы керек, сонда ғана бізде Мінсіз қоғамды құруға мүмкіндік болады.

Біздің мысалға оралсақ, Мінсіз қоғам — өзеннің арғы жағында, тұрақтылық пен өркендеудің үлкен жағасында орналасқан, ол Жер жәннәті (қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған жер) деп аталады. Суға батып бара жатқан аралды тастап, өлім өзенінен өту үшін біз өтірік пен жала жабуға негізделген тұтынушылық хайуани қарым-қатынас форматынан, Ақиқат пен Махаббат үстемдік ететін Жер жәннәтіна көпір салуымыз керек. Бұл көпір адамдардың біртұтас еркі мен олардың бірлескен іс-әрекетіне негізделген қатты тастан жасалуы керек. Бұл көпір — 8 тіректе тұратын Жасампаз қоғам болып табылады». Мен нақтылауды жөн көрдім: «Бұл қандай тіректер?» Игорь Михайлович бұл көпірдің тіректері — Жасампаз қоғамның 8 негізі деді.

ЖАСАМПАЗ ҚОҒАМНЫҢ 8 НЕГІЗІ

Адам — ол қоғамның негізін қалаушы бірлік. Адамзат — үлкен бір отбасы.

  1. Адам өмірі

    Адамның өмірі — ең жоғары құндылық болып табылады. Кез-келген Адамның өмірін əр-бір адам өз өмірі сияқты қорғауы керек. Қоғамның мақсаты — əрбір адамның өмірінің құндылығына қатысты жағдай жасап əрі кепілдік беру. Адамның өмірінен артық ешнəрсе жоқ жəне болуы да мүмкін емес. Егер бір Адам құнды болса, онда барлық Адамдар да құнды!

  2. Адам бостандығы

    Əр адам, дүниеге келгенен бастап Адам болу құқығына ие. Барлық Адамдар туылғаннан еркін жəне тең. Əркім өзінің таңдау құқығына ие. Жер бетінде Адамның еркіндігі мен құқығынан ешкім де, еш нəрсе де жоғары болмайды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмеуі керек.

  3. Адам қауіпсіздігі

    Қоғамда ешкімнің де жəне ешнəрсенің де Адамның өмірі мен бостандығына қауіп төндіруге құқығы жоқ!

    Əр адамды өмірлік негізгі қажеттіліктермен ақысыз қамтамасыз етуге, яғни оның ішіне азық-түлік, баспана, медициналық қызмет, оқу-білім жəне толық əлеуметтік жағдаймен қамтамасыз етуге кепілдік беріледі.

    Қоғамның ғылыми, өндірістік жəне технологиялық қызметі тек Адам өмірінің сапасын жақсартуға əрі пайдалы болуға бағытталуы тиіс.

    Экономиканың тұрақты болуына кепілдік беріледі: инфляция мен дағдарыстар болмайды, бүкіл əлем бойынша заттардың бағасы тұрақты жəне бірдей болады, əлемдік бірыңғай ақша, белгіленген минималды салық немесе салық мүлдем болмайды.

    Адам мен қоғамның кез келген қауіпсіздігі Əлемдік біріккен төтенше жағдайлармен күресу орталығының қызметімен қорғалады.

  4. Барлығына ақпараттың ашықтығы мен айқындылығы

    Әр адамның қоғамдық қаражаттың қозғалысы мен бөлінуі туралы шынайы ақпарат алуға құқығы бар. Қоғамның шешімдерінің орындалу жағдайы туралы ақпарат әр адамға қол жетімді болады.

    Бұқаралық ақпарат құралдары тек қоғамға тиесілі болып шынайы ақпараттармен əрі ашықтық пен адалдық негізінде көрсетіледі.

  5. Жасампаздық идеология

    Идеологиялық танымдар Адамға тəн ең жақсы қасиеттерді насихаттауға жəне адамгершілікке теріс барлық нəрсені жасамауға бағытталатын болады. Негізгі басымдықтар — Адамдық қасиеттерге, Адамның ар-ұяты мен Рухани даму жолына бағытталады жəне сондай-ақ ынтымақ пен тұтастыққа əрі ұждан мен ар-ұят негізінде өзара құрмет пен сыйластыққа жəне достық пен бауырмалдық ұстанымдарға негізделген болады.

    Адамдардың бойында нағыз Адамдық қасиеттердің пайда болуы мен тəрбиеленуіне жағдай жасау жəне бүкіл қоғаммен қоса əрбір адамда моральдық адамгершілікке негізделген рухани құндылықтарды өсіру.

    Зорлық-зомбылықты насихаттауға тыйым салу, бөлінудің, агрессияның, адамгершілікке қарсы көріністердің кез-келген түрін сөгу және айыптау.

  6. Тұлғаның дамуы

    Əрбір Адам Жасампаз қоғамда өзін-өзі жан-жақты дамытуға əрі қабілеттерін шыңдап, іске асыруға құқылы.

    Бəріне бірдей қолжетімді, ақысыз білім берілу керек. Адамның шығармашылық қабілеттері мен талантын, əрі ерекше дарынын пайдалы істерге асыру үшін жағдайлар жасалып жəне кең мүмкіндіктер беріледі.

  7. Әділдік және теңдік

    Барлық табиғи пайдалы ресурстар адамдарға тиесілі жəне барлық адамдар арасында əділ теңдей бөлінуі тиісті. Ресурстарды монополиялық жолмен жеке иемденуге жəне оларды ұтымсыз, бей-берекет пайдалануға жол берілмейді. Жер бетіндегі ресурстар бүкіл жер шарының тұрғындары арасында əділ бөлінуге міндетті.

    Адамға қалауы бойынша жұмыспен қамтамасыз етілуіне кепілдік беріледі. Бір лауазымға, мамандыққа, қызметке төленетін жалақы мөлшері бүкіл әлемде бірдей болуы керек.

    Əркімнің жеке меншікке жəне жеке табысқа ие болуға құқығы бар, алайда Қоғам белгілеген капиталдандыру шегінен аспауы тиіс.

  8. Қоғамның өзін-өзі басқаруы

    «Билік» ұғымы Жасампаз қоғамда мүлдем болмайды, өйткені бүкіл қоғам үшін жауапкершілік пен оның дамуы, өмір сүру жағдайлары мен үйлесімді тəртібі, барлық Адамға жүктеледі.

    Əр адам Жасампаз қоғамның қоғамдық істерімен айналысуға жəне Адам өмірін жақсартуға бағытталған заңдардың қабылдануына өз үлесін қосуға əрі қатысуға құқылы.

    Адамзат қоғамының өмір сүру сапасының өзгеруіне əсер ететін əлеуметтік маңызды жағдайлар мен экономикалық мəселелердің шешімі бүкіл халықтық талқылауға яғни референдум арқылы дауыс беруге ұсынылып шешіледі.

Бұл ақпарат бізді өзінің даналығымен және тереңдігімен таңғалдырды. Әрине, кез-келген адам осындай қоғамда өмір сүргісі келеді. Ал бүгін бізде, Жер планетасында тұратындардың, бір ғана сұрағы бар: мұны қысқа мерзімде қалай жүзеге асыруға болады?

ЖАСАМПАЗ ҚОҒАМНЫҢ ҚҰРЫЛУ КЕЗЕҢДЕРІ

Игорь Михайлович бұл кезеңдер Жасампаз қоғамды құру үшін маңызды деп жауап берді және ол әр кезең неден тұратындығын түсіндірді.

  1. Ақпараттандыру кезеңі. Бұл адамзатқа Жасампаз қоғам туралы ақпарат беру. Әрбір бей-жай қарамайтын адам мүмкіндігінше көп адамға Жасампаз қоғам туралы ақпарат бере алады. Мұны қазірдің өзінде әлемнің әртүрлі елдеріндегі көптеген саналы да, парасатты адамдары белсенді түрде жасап жатыр.

  2. Саяси кезең. Әр түрлі елдерде Жасампаз қоғамның біртұтас идеологиясына негізделген «Жасампаз қоғам» саяси партияларын құру. Тараптардың жалпы үйлестіруін халықаралық қоғамдастық — АЛЛАТРА Халықаралық қоғамдық қозғалысы, яғни саясат пен діннен тыс қоғамдастық басқаратын Халықаралық Орталық Комитет жүзеге асырады. Мақсат қарапайым: саясатты адамдардың арасын бөлу үшін емес, біріктірудің құралы ретінде пайдалану.

  3. Дүниежүзілік референдум. Адамзаттың аман қалуы үшін жалғыз қолайлы және қажетті жасампаздық даму моделін бүкіл адамзаттың қабылдауы туралы жалпыға ортақ референдум өткізу.

Бірінші кезең — адамзатқа Жасампаз қоғам құру мүмкіндігі туралы хабарлау. Қазіргі таңда біз бұнымен белсенді түрде айналысып жатырмыз. Адамдар оны істерімен көрсетіп жатыр. АЛЛАТРА Халықаралық қоғамдық қозғалысының қатысушылары күнделікті түрде көптеген жасампаз жобаларды жүзеге асыруда, барлығы бұл туралы Қозғалыстың ресми ресурстарынан біліп және осы маңызды бастамаға қосыла алады.

Қазіргі қоғамда шешуші рөл атқаратын, оның көмегімен біздің қоғам басқарылатын негізгі құрал бар. Бұл саясат. Егер біз оны қолданатын болсақ, онда біз Жасампаз қоғамның құрылуын жеделдетеміз.

6000 жыл бойы саясат адамдарды құл етуге және тұтынушылық құндылықтар жүйесін нығайтуға қызмет етуде. Алайда, бүгінгі күнде ол бүкіл адамзатқа Жасампаз қоғамды құруға қызмет ете алады!

Қазіргі қоғамда басқару жүйесі былай ұымдастырылған, біз өз елімізде дауыс беруге барып, ұсынылған кандидаттардың ішінен біреуін тағайындаймыз, кейін өз құқығымызды оларға тапсырамыз. Яғни, біз өз құқығымызды өзіміз білмейтін адамдарға тапсырып, осылайша өз-өзімізді құқығымыздан айырамыз. Өйткені, біз өз өкілетімізді оларға тапсырдық. Бірақ біз өз құқығымызбен бірге игіліктерімізді де бердік. Осылайша біз өзіміз адамның үстіне қондырма орнаттық. Өзіміз өкілеттік берген осындай тағайындалушы бізге еңбек сіңіріп, біздің мүддемізге сай әрекет етеді ме? Ол біздің игіліктерімізді бізге қайтарады ма? Жоқ, өйткені ол оған үйреніп қалды және біздің игіліктерімізді өзінікі деп санайды. Ол бізді емес, өзін және өзінің отбасын ойлайтын болады. Неліктен? Ой-өрісі тұтынушылық пен өзімшілдікке негізделгендіктен, ол адамдардың мүдделерін қорғай бастаған жағдайда, онда біздің деңгейімізге түсіп, біз сияқты — тек мағұлымдалған құқықтармен, нақты игіліктерсіз болып қаламын деп санайды . Бұл мағынасыздық емес пе? Бұл жасырын құлдықтың бір түрі емес пе?

Бізден бәрін тартып алып, бізге өте қатал міндеттемелер жүктелді, ал оларды орындау шын мәнінде көпшілікке мүмкін емес. Оларды толық көлемде орындау мүмкін емес. Бұл адамдарды үнемі мазасыздық пен қорқынышта өмір сүруге мәжбүр етеді, өздерін осал және төмен сезінуге итермелейді. Дәл осындай қоғамда сіз бен біз өмір сүруге мәжбүрміз. Үздіксіз көзбояушылық пен бұрмалаушылық! Бұл тұтынушылық қоғамының бар мәні. Ондағы барлық нәрсе осылай реттелген, өйткені ол адамға қарсы бағытталған. Бұл факт. Мұндай қоғам ұзаққа созылуы мүмкін бе? Оның болашағы бар ма? Әрине, жоқ.

Бірақ кез-келген құралды зиянға да, пайдаға да қолдануға болады, онымен жойып немесе құруға болады. Сондықтан, саясат бізге дұрыс және шынымен әділ, өміршең, өмірді растайтын Жасампаз қоғамның заңнамалық базасын құру құралы бола алады және болуы да керек.

Бүгінде біз әлі көнерген Рим заңдарын басшылыққа алып өмір сүріп жатырмыз. Әр адамның мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ететін заңдар шығаруымыз керек. Олардың іргетасы Жасампаз қоғамның 8 негізі болады. Саясат шын мәнінде қазіргі кездегідей қысым, агрессия құралы емес, халықаралық байланыс пен бірлесудің, халықтар арасындағы достықты дамыту құралына айналуы керек. Оны әрі қарай бөлу үшін емес, керісінше, бүкіл адамзат баласын тез арада біріктіру үшін қолдануға болады және солай пайдалану да керек.

Егер біз саясатты құрал ретінде пайдаланбай, дәл қазіргідей қарқынмен жылжитын болсақ, онда Жасампаз қоғамды құру процесі ұзақ жылдарға созылады. Ақылға салып қарап көрейік, адамзатта осынша уақыт бар ма? Адамзаттың тұтынушылық форматтан Жасампаз қоғамға көшу үдерісін жеделдету үшін біз саясатты ең тиімді құрал ретінде пайдалана аламыз және қазірдің өзінде пайдалануымыз керек.

Біз бәріміз өз елдеріміздің азаматтарымыз. Біз сайлауға барып, әртүрлі кандидаттарға дауыс береміз, содан кейін олар біздің өмірімізді нашарлатқандарына және тұтынушылық форматты нығайтқандарына ренжиміз. Олар біздің мүддемізге емес, Біртұтас Адамзат Отбасы ретінде бізге қарсы жұмыс істейтін заңдар шығарады. Нәтижесінде біздің өмір сүру жағдайымыз үнемі нашарлауда. Яғни, олар билікке келген кезде Адам мен Біріккен Адамзат Отбасынан басқа, кез-келгеннің мүддесін қорғайды. Егер саясаткер Адам мен оның құқығына қарсы тұрса, біз не үшін оған дауыс береміз? Егер ол өтірік пен алдауға бейім болса, оған қалай дауыс беруге болады?

Осы жағдайды өзгерту үшін біз Жасампаз қоғамның 8 негізін заңнамалық түрде еңгізіп, жүзеге асыратын саясаткерлерге дауыс беруіміз керек! Ал одан да жақсысы, қарапайымы мен дұрысы — әлемнің әр елінде Жасампаз қоғамның 8 негізін енгізетін Жасампаз қоғам атты біріккен әлемдік партия құру. Осылайша, өзіміздің оларға берген құқықтарымызды пайдалана отырып, олар енді біздің игіліктерімізді қайтара бастап және бүкіл адамзат баласын Біртұтас Отбасы — Жасампаз Қоғамға тез біріктіру үшін қызмет етеді. Әлемнің барлық елдері тұтынушылық форматтан Жасампаз форматқа көшуге дайын болғаннан кейін ғана, біз бүкіл Жершары тұрғындарын — Біріккен Адамзат Отбасы — Жасампаз қоғамына заңды түрде қайтаратын Дүниежүзілік референдум өткізе аламыз.

Біз мұны тек бейбіт жолмен жасай аламыз. Құрметті Игорь Михайлович айтқандай: «Адамзатқа революция қажет емес, адамзатқа Эволюция керек».

«АЛЛАТРА» ХҚҚ қатысушысы

Эльчин

Передача «Созидательное общество»


Передача «Созидательное общество объединяет всех»

Пікір қалдыру