«Жасампаз қоғам» жобасының
ЖАҺАНДЫҚ БАСТАМАСЫ

Бүгінгі таңда жаһандық қауымдастық климаттың өзгеру қаупінің ұлғаюымен бетпе-бет келіп отырғандықтан, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа деген ұмтылыс әрбір адам үшін басты мәселеге айналды. Бұл дереу және шешуші ұжымдық әрекеттерді талап етеді. Жасампаз қоғам еріктілері өз күш-жігерін климаттық қиындықтар жағдайында тіршілік үшін күрестен азат болатын болашақ құруға бағыттайды.
ӘРКІМНІҢ ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҒЫ ҮШІН:
Климаттық дағдарысты еңсеру үшін күш біріктіру

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ

Жасампаз қоғамның миссиясы – әлемдік қауымдастықтың назарын жаһандық климаттық дағдарысқа аудару, сондай-ақ оның себептерін зерттеп, шешу жолдарын іздестіру.

Адам өмірін қорғау және климаттың одан әрі құлдырауын болдырмау үшін адамзаттың ғылыми әлеуетін біріктіру үшін жағдай жасау.

Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттарын қолдаймыз және тұрақты, гүлденген болашақ құру үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз. Қосымша ақпарат алу үшін БҰҰ-ның климаттық баяндамаларымен танысыңыз, онда климаттық модельдер, маңызды ғылыми деректер және климатқа қатысты әрекет жасау ұсыныстары бар.

«Жасампаз қоғам» халықаралық ғылыми жобаларды бастау арқылы БҰҰ-ның демократиялық мақсаттарын іске асыруға ұмтылады. Жасампаз қоғам мүшелері пәнаралық зерттеулер мен ұжымдық әрекеттер жасап климаттық дағдарысқа қарсы тұруға мүмкіндік беру үшін бүкіл әлем азаматтарын ақпараттандырып, біріктіреді. «Жасампаз қоғам» волонтерлерінің қызметі туралы қосымша ақпаратты «Біздің әрекеттеріміз» бетінен қараңыз.

СОҢҒЫ
КЛИМАТТЫҚ
ЖАҢАЛЫҚТАР

«Жасампаз қоғам» волонтерлері қалың бұқараны табиғи апаттар мен климаттың өзгеруіне байланысты оқиғалар туралы үнемі хабардар етіп отырады.

БІР МАҚСАТТА БІРІГУ

Біздің алдымызда күрделі қиындықтар бар. Дегенмен, бұл жерде, Жасампаз қоғамының волонтерлерінің арасынан пікірлестер мен қолдау табасыз. Климаттық дағдарысты бақылауға, талдауға және шешу жолдарын табуға бағытталған пәнаралық зерттеулер жүргізудегі 27 жылдан астам тәжірибемізбен біз ортақ мәселемізді тиімді әрекетпен шешу үшін жаһандық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру қажеттілігіне назар аударамыз.

10+жаһандық халықаралық форумдар мен конференциялар
150+тілге аударылған жаһандық форумдар
27+жыл бойы жүргізілген тәуелсіз ғылыми зерттеулер
180+ел
0-сыртқы қаржыландыру

ҚАЗІР ӘРЕКЕТ ЕТІҢІЗ

Бетті зерттеңіз «Климаттық модель», 27 жыл бойы жинақталып, талданып, жүйеленіп ұсынылған ғылыми деректер. Бұл фактілермен расталған және климаттық дағдарыстан шығуға нақты мүмкіндік беретін теория.

Бұл маңызды біліммен жақындарыңызбен бөлісіңіз.

Жаһандық климаттың құлдырауын болдырмау үшін ғылыми әлеуетті біріктірудің маңыздылығына жаһандық қауымдастықтың назарын аударуға тырысыңыз.

БІРІНШІ ҚАДАМ ЖАСАҢЫЗ

Сіздің белсенді үлесіңіз, бүгінгі таңда өте қажет жаһандық өзгерістердің орын алуына септігін тигізуі мүмкін. Климаттың шынайы қауіпі туралы барлығы білуі үшін осы ақпаратпен бөлісіңіз.

БОЛАШАҒЫМЫЗ БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА

Алдағы 4-6 жылда бізді не күтіп тұрғанын түсіну өте маңызды. Климаттық апаттарды елемеу қайтымсыз салдарларға әкелуі мүмкін. Тек бірге ғана біз климаттық дағдарысты жеңілдететін және тоқтататын, өзіміздің және болашақ ұрпақтың қауіпсіз болашағын қамтамасыз ететін жағдай жасай аламыз.

ӨМІРІҢІЗДІ БҮГІННЕН БАСТАП ӨЗГЕРТІҢІЗ

Жасампаз қоғамға қосылу арқылы белгісіздік пен болашағыңыз туралы алаңдаудан арылыңыз. Біз бірге қорқыныш пен белгісіздікті күш пен әрекетке айналдыра аламыз.

ЕРТЕҢГІ КЛИМАТТЫҚ ҚАУІП-ҚАТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН БҮГІН ӘРЕКЕТ ЕТІҢІЗ!
ЖАСАМПАЗ ҚОҒАМ
Бізбен хабарласу:
[email protected]
Қазір әркім шынымен көп нәрсені жасай алады!
Болашақ әркімнің жеке таңдауына байланысты!