Logo Creative Society ЖАСАМПАЗ
ҚОҒАМ
Қосылу
Everyone is in charge of the future of humanity

ЖАСАМПАЗ ҚОҒАМ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБА

#CREATIVESOCIETY
«Жасампаз қоғам» — бұл бүкіл адамзатқа арналған жоба бұл біздің өркениетімізге барынша қысқа мерзімде бейбіт жолмен эволюциялық дамудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді.
Бұл жобаның басты мақсаты
БҮКІЛ ӘЛЕМДІК КӨЛЕМДЕ Адам өмірі ең жоғары құндылық болатын ЖАСАМПАЗ ҚОҒАМДЫ ҚҰРУ болып табылады.

Жобаның міндеттері:

  • Бүкіл жер планетасында жасампаз қоғамның бейбіт жолмен қалыптасуына жағдай жасау.
  • Бүкіл әлемдегі адамдар жасампаз форматтағы қоғамда өмір сүргілері келе ме және оған көзқарастарын анықтау
  • Адамзат өмірінің барлық салаларында жасампаз қоғамның тұжырымдамасы мен моделін жалпыға ортақ халықаралық ашық талқылау алаңымен қамтамасыз ету.
  • Бүкіл адамзатты біріктірудің жаңа әдістерін іздеу және әлеуметтік мәртебесіне, дініне, ұлтына қарамастан әр адамның қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау.
Толығырақ

Жасампаз қоғамды құру кезеңдері туралы толығырақ «Жасампаз қоғамды құру негіздері мен кезеңдері» мақаласынан білуге болады.

Оқу
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДАҒДАРЫС.
БІЗДІ ҚҰТҚАРАТЫН БІРЛІК

форумының ресми трейлері
12 қараша 2022 жыл GMT 15:00
Бұл сіздің өміріңізді жақсартады.
Форумға қосылыңыз!
Адамзаттың болашағы туралы БАЯНДАМА ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ. ЯДРОЛЫҚ Апокалипсис шынымен болуы мүмкін
2022 жылдың 15 қазанында
Адамдар адамзатқа қанша уақыт қалғанын білуге ​​құқылы.
Pope Francis
«Жасампаз қоғам» халықаралық жобасы
Қасиетті Рим Папасы Францисктің апостолдық батасын алды
«Жасампаз қоғам» халықаралық жобасы
Барлық Армяндардың Жоғарғы Патриархы және Католикосы Қасиетті Гарегин II-нің апостолдық батасын алды
«Жасампаз қоғам» халықаралық жобасы
Германиядағы ең көне мешіттің Имамы Әмір Азиздің батасын алды

Бүкіл дүниежүзіндегі адамдардың өтініші бойынша, біз діни жетекшілерден Жасампаз қоғамды қолдайсыздар ма, жоқ па деп сұрадық.

Жасампаз қоғамды алдымен қасиетті Рим Папасы Франциск, одан кейін Бүкіл Армяндардың Жоғарғы Патриархы және Католикосы Қасиетті Гарегин II-ші, сондай-ақ Германиядағы ең көне мешіттің имамы Әмір Азиз қолдады.

Бұл діни жетекшілер, Жасампаз қоғам барлық пайғамбарлар айтып кеткен өсиет екенін танып, әмбебап жобаны қолдады.

Ал басқалары қайда?
ЖАСАМПАЗ ҚОҒАМ
ЖАСАМПАЗ ҚОҒАМНЫҢ
8 НЕГІЗІ
creativesociety.com
1. Адам өмірі
Адамның өмірі - ең жоғары құндылық болып табылады. Кез-келген Адамның өмірін əрбір адам өз өмірі сияқты қорғауы керек. Қоғамның мақсаты - əрбір адамның өмірінің құндылығына қатысты жағдай жасап əрі кепілдік беру. Адамның өмірінен артық ешнəрсе жоқ жəне болуы да мүмкін емес. Егер бір Адам құнды болса, онда барлық Адамдар да құнды!
2. Адам бостандығы
Əр адам, дүниеге келгенен бастап Адам болу құқығына ие. Барлық Адамдар туылғаннан еркін жəне тең. Əркім өзінің таңдау құқығына ие. Жер бетінде Адамның еркіндігі мен құқығынан ешкім де, еш нəрсе де жоғары болмайды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмеуі керек.
3. Адам қауіпсіздігі
Қоғамда ешкімнің де жəне ешнəрсенің де Адамның өмірі мен бостандығына қауіп төндіруге құқығы жоқ!
Əр адамды өмірлік негізгі қажеттіліктермен ақысыз қамтамасыз етуге, яғни оның ішіне азық-түлік, баспана, медициналық қызмет, оқу-білім жəне толық əлеуметтік жағдаймен қамтамасыз етуге кепілдік беріледі.
Қоғамның ғылыми, өндірістік жəне технологиялық қызметі тек Адам өмірінің сапасын жақсартуға əрі пайдалы болуға бағытталуы тиіс.
Экономиканың тұрақты болуына кепілдік беріледі: инфляция мен дағдарыстар болмайды, бүкіл əлем бойынша заттардың бағасы тұрақты жəне бірдей болады, əлемдік бірыңғай ақша, белгіленген минималды салық немесе салық мүлдем болмайды.
Адам мен қоғамның кез келген қауіпсіздігі Əлемдік біріккен төтенше жағдайлармен күресу орталығының қызметімен қорғалады.
4. Барлығына ақпараттың ашықтығы мен айқындылығы
Әр адамның қоғамдық қаражаттың қозғалысы мен бөлінуі туралы шынайы ақпарат алуға құқығы бар. Қоғамның шешімдерінің орындалу жағдайы туралы ақпарат әр адамға қол жетімді болады.
Бұқаралық ақпарат құралдары тек қоғамға тиесілі болып шынайы ақпараттармен əрі ашықтық пен адалдық негізінде көрсетіледі.
5. Жасампаздық идеология
Идеологиялық танымдар Адамға тəн ең жақсы қасиеттерді насихаттауға жəне адамгершілікке теріс барлық нəрсені жасамауға бағытталатын болады. Негізгі басымдықтар - Адамдық қасиеттерге, Адамның ар-ұяты мен Рухани даму жолына бағытталады жəне сондай-ақ ынтымақ пен тұтастыққа əрі ұждан мен ар-ұят негізінде өзара құрмет пен сыйластыққа жəне достық пен бауырмалдық ұстанымдарға негізделген болады.
Адамдардың бойында нағыз Адамдық қасиеттердің пайда болуы мен тəрбиеленуіне жағдай жасау жəне бүкіл қоғаммен қоса əрбір адамда моральдық адамгершілікке негізделген рухани құндылықтарды өсіру.
Зорлық-зомбылықты насихаттауға тыйым салу, бөлінудің, агрессияның, адамгершілікке қарсы көріністердің кез-келген түрін сөгу және айыптау.
6. Тұлғаның дамуы
Əрбір Адам Жасампаз қоғамда өзін-өзі жан-жақты дамытуға əрі қабілеттерін шыңдап, іске асыруға құқылы.
Бəріне бірдей қолжетімді, ақысыз білім берілу керек. Адамның шығармашылық қабілеттері мен талантын, əрі ерекше дарынын пайдалы істерге асыру үшін жағдайлар жасалып жəне кең мүмкіндіктер беріледі.
7. Әділдік және теңдік
Барлық табиғи пайдалы ресурстар адамдарға тиесілі жəне барлық адамдар арасында əділ теңдей бөлінуі тиісті. Ресурстарды монополиялық жолмен жеке иемденуге жəне оларды ұтымсыз, бей-берекет пайдалануға жол берілмейді. Жер бетіндегі ресурстар бүкіл жер шарының тұрғындары арасында əділ бөлінуге міндетті.
Адамға қалауы бойынша жұмыспен қамтамасыз етілуіне кепілдік беріледі. Бір лауазымға, мамандыққа, қызметке төленетін жалақы мөлшері бүкіл әлемде бірдей болуы керек.
Əркімнің жеке меншікке жəне жеке табысқа ие болуға құқығы бар, алайда Қоғам белгілеген капиталдандыру шегінен аспауы тиіс.
8. Қоғамның өзін-өзі басқаруы
«Билік» ұғымы Жасампаз қоғамда мүлдем болмайды, өйткені бүкіл қоғам үшін жауапкершілік пен оның дамуы, өмір сүру жағдайлары мен үйлесімді тəртібі, барлық Адамға жүктеледі.
Əр адам Жасампаз қоғамның қоғамдық істерімен айналысуға жəне Адам өмірін жақсартуға бағытталған заңдардың қабылдануына өз үлесін қосуға əрі қатысуға құқылы.
Адамзат қоғамының өмір сүру сапасының өзгеруіне əсер ететін əлеуметтік маңызды жағдайлар мен экономикалық мəселелердің шешімі бүкіл халықтық талқылауға яғни референдум арқылы дауыс беруге ұсынылып қана шешіледі.
Соңғы жаңалықтар мен оқиғалардан хабардар болыңыз
- 1 -
«Жасампаз қоғам» YouTube арнасына жазылыңыз және «қоңыраушаны» басыңыз
- 2 -
Telegram арнасына жазылыңыз және ағымдағы оқиғалардан хабардар болыңыз