ЖАСАМПАЗ ҚОҒАМ

Халықаралық жоба

Адамның өмірі — ең жоғары құндылық
#creativesociety
ЖАСАМПАЗ ҚОҒАМ — ерікті негізде 180-нен астам елдің адамдарын біріктіретін халықаралық жоба. Жобаның мақсаты — қысқа мерзім ішінде, бүкіл әлем бойынша адам өмірі ең жоғары құндылық болатын қоғамның жаңа жасампаз форматына заңды және бейбіт жолмен өту.

Жасампаз қоғам қалай пайда болды?

Адам өмірінің құндылығы басты басымдық болатын қоғамның жаңа форматы, әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған адамдардың сұранысы. Мұны 180 елде 10 жылдан астам уақыт бойы еріктілер жүргізген, тарихтағы ең ірі әлеуметтік сауалнама көрсетті.

Сауалнамаға қатысқанның әрбіріне «Сіз қандай әлемде өмір сүргіңіз келеді?» деген бірдей сұрақ қойылды. Адамдардың жауабының қорытындысы бойынша «Жасампаз қоғам» деп аталатын жаңа форматтағы қоғамның құрылуының іргетасы болған 8 Негіз қалыптасты. Оны жүзеге асыру үшін бүгінде әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдар бірігіп, «Жасампаз қоғам» атты жобаның жолында әрекет етуде.

«Жасампаз қоғам» жабасының артында кім тұр?

Біздің әлемді жақсы жаққа өзгерткісі келетін және оны заңды және бейбіт жолмен қалай жасау керектігін білетін әртүрлі мәдениеттер, ұлттар, діндер мен нанымдардағы миллиондаған адамдар. Мұндай адамдар күн сайын көбейіп келеді.

Дүниежүзінің түкпір-түкпіріндегі адамдар бірігіп, заң талаптарын қатаң сақтай отырып, бүкіл адамзат пен болашақ ұрпақтың бейбіт, бақуатты өмір сүруіне лайықты жағдай жасау үшін ортақ мақсатпен әрекет етуде.

«Жасампаз қоғам» жобасын кім қаржыландырады?

«Жасампаз қоғам» жобасы аясындағы барлық әрекеттер мен іс-шаралар жобаның қатысушыларының өздерімен, олардың бастамасы, таңдауы және қалауы бойынша, жеке қаражаты есебінен жүзеге асырады.

«Жасампаз қоғам» жобасының банктік шоттары, қаржысы немесе мүлкі жоқ, қаражат жинақтамайды және пайда да таппайды.

«Жасампаз қоғам» — бұл еріктілер жобасы, заң аясында жұмыс атқарады, жекелеген мемлекеттердің, партиялардың немесе ұйымдардың емес, тек қарапайым адамдардың мүддесін білдіреді.

Бізге бүкіл әлем бойынша Жасампаз қоғамның болуы не үшін қажет?

Бізге бүкіл әлемде Жасампаз қоғамның болғаны қажет, өйткені тек Жасампаз қоғам:
 

Климатты қоса алғанда, барлық жаһандық дағдарыстардан шығу жолын ұсынады;
Соғыссыз, қақтығыссыз, зорлық-зомбылықсыз, кедейлік пен аштықсыз болашақты қамтамасыз етеді;
Ең қысқа мерзімде адамзатты бейбіт және заңды жолмен эволюциялық дамудың жаңа кезеңіне шығаруға мүмкіндік береді;
Әрбір адамның қауіпсіздігін, денсаулығын, әл-ауқатын және жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

Жасампаз қоғамды бір елде немесе бірнеше елдің одағында құру мүмкін бе?

Бүгінгі таңда әлем елдері бір-бірімен тығыз байланысты және бір-біріне тәуелді, сондықтан бір елдегі немесе тіпті бірнеше елдің одағындағы қоғамның жасампаз форматы өміршең емес.

Бір мезгілде бүкіл жер шарындағы бүкіл адамзатпен ғана жасампаз қоғам құруға болады. Дүниежүзілік референдумда оң шешім қабылданбайынша, жекелеген мемлекеттер Жасампаз қоғамға өту ниеттерін ғана білдіре алады. Әйтпесе, Жасампаз қоғамға жеке немесе топ болып өтуге әрекеттенетін елдердің қауіпсіздігіне, сондай-ақ олардың халқының қауіпсіздігіне қауіп төнуі мүмкін. Олар Жасампаз қоғамды әлі қолдамайтын елдерден осал және қорғансыз болады.

Жасампаз қоғамның 8 Негізі

«Жасампаз қоғамның» 8 Негізі — бүкіл әлем адамдарының қалау-сұранысы. Бұл дүниежүзілік референдумда адамдардың заңды еркі бойынша әлемнің барлық елдерінің заңнамасы мен халықаралық құқықтың негізіне айналуы мүмкін Жасампаз қоғамның негізгі құндылықтары.
1.Адам өмірі

Адамның өмірі - ең жоғары құндылық болып табылады. Кез-келген Адамның өмірін əрбір адам өз өмірі сияқты қорғауы керек. Қоғамның мақсаты - əрбір адамның өмірінің құндылығына қатысты жағдай жасап əрі кепілдік беру. Адамның өмірінен артық ешнəрсе жоқ жəне болуы да мүмкін емес. Егер бір Адам құнды болса, онда барлық Адамдар да құнды!

2.Адам бостандығы

Əр адам, дүниеге келгенен бастап Адам болу құқығына ие. Барлық Адамдар туылғаннан еркін жəне тең. Əркім өзінің таңдау құқығына ие. Жер бетінде Адамның еркіндігі мен құқығынан ешкім де, еш нəрсе де жоғары болмайды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмеуі керек.

3.Адам қауіпсіздігі

Қоғамда ешкімнің де жəне ешнəрсенің де Адамның өмірі мен бостандығына қауіп төндіруге құқығы жоқ!

Əр адамды өмірлік негізгі қажеттіліктермен ақысыз қамтамасыз етуге, яғни оның ішіне азық-түлік, баспана, медициналық қызмет, оқу-білім жəне толық əлеуметтік жағдаймен қамтамасыз етуге кепілдік беріледі.

Қоғамның ғылыми, өндірістік жəне технологиялық қызметі тек Адам өмірінің сапасын жақсартуға əрі пайдалы болуға бағытталуы тиіс.

Экономиканың тұрақты болуына кепілдік беріледі: инфляция мен дағдарыстар болмайды, бүкіл əлем бойынша заттардың бағасы тұрақты жəне бірдей болады, əлемдік бірыңғай ақша, белгіленген минималды салық немесе салық мүлдем болмайды.

Адам мен қоғамның кез келген қауіпсіздігі Əлемдік біріккен төтенше жағдайлармен күресу орталығының қызметімен қорғалады.

4.Барлығына ақпараттың ашықтығы мен айқындылығы

Әр адамның қоғамдық қаражаттың қозғалысы мен бөлінуі туралы шынайы ақпарат алуға құқығы бар. Қоғамның шешімдерінің орындалу жағдайы туралы ақпарат әр адамға қол жетімді болады.

Бұқаралық ақпарат құралдары тек қоғамға тиесілі болып шынайы ақпараттармен əрі ашықтық пен адалдық негізінде көрсетіледі.

5.Жасампаздық идеология

Идеологиялық танымдар Адамға тəн ең жақсы қасиеттерді насихаттауға жəне адамгершілікке теріс барлық нəрсені жасамауға бағытталатын болады. Негізгі басымдықтар - Адамдық қасиеттерге, Адамның ар-ұяты мен Рухани даму жолына бағытталады жəне сондай-ақ ынтымақ пен тұтастыққа əрі ұждан мен ар-ұят негізінде өзара құрмет пен сыйластыққа жəне достық пен бауырмалдық ұстанымдарға негізделген болады.

Адамдардың бойында нағыз Адамдық қасиеттердің пайда болуы мен тəрбиеленуіне жағдай жасау жəне бүкіл қоғаммен қоса əрбір адамда моральдық адамгершілікке негізделген рухани құндылықтарды өсіру.

Зорлық-зомбылықты насихаттауға тыйым салу, бөлінудің, агрессияның, адамгершілікке қарсы көріністердің кез-келген түрін сөгу және айыптау.

6.Тұлғаның дамуы

Əрбір Адам Жасампаз қоғамда өзін-өзі жан-жақты дамытуға əрі қабілеттерін шыңдап, іске асыруға құқылы.

Бəріне бірдей қолжетімді, ақысыз білім берілу керек. Адамның шығармашылық қабілеттері мен талантын, əрі ерекше дарынын пайдалы істерге асыру үшін жағдайлар жасалып жəне кең мүмкіндіктер беріледі.

7.Әділдік және теңдік

Барлық табиғи пайдалы ресурстар адамдарға тиесілі жəне барлық адамдар арасында əділ теңдей бөлінуі тиісті. Ресурстарды монополиялық жолмен жеке иемденуге жəне оларды ұтымсыз, бей-берекет пайдалануға жол берілмейді. Жер бетіндегі ресурстар бүкіл жер шарының тұрғындары арасында əділ бөлінуге міндетті.

Адамға қалауы бойынша жұмыспен қамтамасыз етілуіне кепілдік беріледі. Бір лауазымға, мамандыққа, қызметке төленетін жалақы мөлшері бүкіл әлемде бірдей болуы керек.

Əркімнің жеке меншікке жəне жеке табысқа ие болуға құқығы бар, алайда Қоғам белгілеген капиталдандыру шегінен аспауы тиіс.

8.Қоғамның өзін-өзі басқаруы

«Билік» ұғымы Жасампаз қоғамда мүлдем болмайды, өйткені бүкіл қоғам үшін жауапкершілік пен оның дамуы, өмір сүру жағдайлары мен үйлесімді тəртібі, барлық Адамға жүктеледі.

Əр адам Жасампаз қоғамның қоғамдық істерімен айналысуға жəне Адам өмірін жақсартуға бағытталған заңдардың қабылдануына өз үлесін қосуға əрі қатысуға құқылы.

Адамзат қоғамының өмір сүру сапасының өзгеруіне əсер ететін əлеуметтік маңызды жағдайлар мен экономикалық мəселелердің шешімі бүкіл халықтық талқылауға яғни референдум арқылы дауыс беруге ұсынылып қана шешіледі.

8 Негіз бойынша ескертпе
Жасампаз қоғамда жаңа экономикалық модель мен жаңа технологияларды енгізудің арқасында ақшаны пайдаланудың қажеті болмайды. Демек, Жасампаз қоғамның 8 Негізіндегі ақша қатынасына қатысты туындайтын кейбір ережелер Жасампаз қоғамның өтпелі кезеңінде ғана өзекті болады.

Жасампаз қоғам планетадағы әрбір адамға не береді?

Жасампаз қоғам форматы әрбір адам үшін үлкен перспективалар мен мүмкіндіктердің ашылуына себеп болады.
Жасампаз қоғамды толық іске асыру үшін жаңа экономикалық модельді, жаңа технологияларды енгізіп, қоғамдағы көптеген процестерді қайта құру қажет. Сондықтан Жасампаз қоғамға өтпелі кезең қажет, ол алдын ала есептеулер бойынша 5-6 жылға созылуы мүмкін. Жасампаз қоғамның өтпелі кезеңнің өзінде әрбір адам туылу құқығы бойынша келесі артықшылықтарға ие болады:
10 000 АҚШ долларына сәйкес ай сайынғы шартсыз негізгі табыс (кәмелет жасына толған әр адамға);
Бірінші баланың туылуына 100 000 АҚШ долларына тең бір реттік төлем, ал екінші балаға — 200 000 доллар және т.с.с. 6 жас пен оған дейінгі балаларға — 5 000 АҚШ долларына сәйкес және 7 жастан бастап кәмелетке толғанға дейін — 7 000 АҚШ доллары тең төлем;
Бір адамға кемінде 60 шаршы метр көлеміндегі жеке меншік кең және жайлы, тегін тұрғын үй;
Бүкіл әлем бойынша тегін жоғары сапалы медицина;
Әлемнің кез келген жерінде тегін және сапалы білім алу;
Күніне 4 сағат, аптасына 4 күн жұмыс істеу, бірдей лауазымға, мамандыққа, кәсіпке бүкіл әлем бойынша бірдей жоғары жалақы деңгейі, жылына кеміне 2 рет 30 күндік ақылы еңбек демалысы;
Соғыссыз, қақтығыссыз, қылмыссыз және сыбайлас жемқорлықсыз қауіпсіз әлем;
Кепілдендірілген экономикалық тұрақтылық: инфляцияның, дефолттардың және дағдарыстардың болмауы, бүкіл әлем бойынша тұрақты және тең бағалар;
Жеке тұлғаларға, шағын және орта бизнеске салық салынбайды;
Жеке тұлғаларға арналған барлық коммуналдық қызметтер (газ, электр, су, жылу және т.б.) шектеусіз және тегін;
Несиелерді, оның ішінде ипотека бойынша барлық берешектерді есептен шығару;
Елдердің аумақтық тұтастығы мен шекарасын, халықтардың мәдени және діни мұрасын сақтай отырып, визасыз режим және бүкіл әлем бойынша еркін қозғалыс
Адам өмірін жақсартатын ең озық технологиялардың дамуы және олардың әлемнің кез келген жерінде барлығына қолжетімді болуы.
Біздің ортақ арманымыз Жасампаз қоғамда әрқайсымыз тең құқықты бейбіт әлем азаматы боламыз. Елдердің аумақтық тұтастығы мен әр халықтың мәдени мұрасы сақталады. Бүгінгі күні Шенген аймағы елдері арасында сияқты, әрбір адам бүкіл планета бойынша еркін жүріп-тұру құқығына ие болады. Бұл қоғамда соғыстар, қылмыстар мен қақтығыстар болмайды, барлық игіліктер бәріне қолжетімді. Біз мәдени мұрамызды және демократиялық құндылықтарды құрметтейміз, әр ел өзінің бірегейлігін сақтайды, сонымен бірге бүкіл әлемді біртұтас бейбіт әлемге айналдыруға ұмтыламыз.

Жасампаз қоғамда бұл артықшылықтармен планетадағы әрбір адам қалай қамтамасыз етіледі?

Жасампаз қоғамда адамзат тарихында болмаған жаңа экономикалық модельдің арқасында жер шарындағы әрбір адам жоғары өмір сүру деңгейімен қамтамасыз етіледі. Бұл модельді әлемнің түкпір-түкпіріндегі сарапшылар әзірлеп, ұсынып отыр, ол енгізілгеннен кейін біздің өмірімізді бірінші күнінен бастап өзгертеді.
Онымен «Дүниежүзілік дағдарыс. Шығатын жол бар» халықаралық форумында егжей-тегжейлі баяндалып, көпшілікке ұсынылған бейне презентацияда танысуға болады.

Жасампаз қоғамда адамға туылу құқығы бойынша көп нәрсе берілуін ескерсек, онда адамның өзінен не талап етіледі?

Жасампаз қоғамда адам көптеген жеңілдіктер мен артықшыларға ие болады. Бұл әрбір адамның қоғам өміріне белсене араласуын — оның еңбегін, интеллектуалдық үлесін, талантын жұмсауды талап етеді. Жасампаз қоғамдағы адам өзін-өзі дамытады және оның ажырамас бөлігі ретінде бүкіл қоғамға пайда әкеледі.
Адамның қоғам істерін басқаруға, сондай-ақ қоғам өмірінің маңызды, түйінді мәселелері бойынша заңдар мен шешімдер қабылдауға белсенді түрде, жауапкершілік алып қатысуы қажет. Себебі, Жасампаз қоғам билік ешкімге берілмейтін, халықтың өзі, яғни дүниедегі әрбір адам өзін-өзі толық басқару арқылы жүзеге асыратын қоғамдық құрылымның бірден-бір форматы болып табылады, яғни, біртұтас дүниежүзілік сайлау платформасында шешімдер көпшілікпен қабылданады.
Осылайша, Жасампаз қоғамда «адамдардың үстінен билік жүргізу» ұғымы мүлдем болмайды, өйткені билік шын мәнінде барлық адамдарға тиесілі болады.

Елді бір адам басқарса, мұның аса жағымсыз салдары болып, елдің радикалдануына, диктатураға, адам құқығын елемеушілікке, соғыстардың басталуына әкелетінін тарихи деректер растайды. Бір адамның миллиондар үшін шешім қабылдауы қате және қауіпті. Жасампаз қоғамда адамдар өз еліне қатысты да, жаһандық мәселелерге қатысты да барлық маңызды шешімдерді бірге қабылдайды. Бұл ретте адамдар жалдамалы менеджерлер ретінде саясаткерлерге белгілі бір мәселелерді шешуді, белгілі бір саланы басқаруды және адамдар қабылдаған шешімдерді жүзеге асыруды тапсырады.

Бұл БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде қарастырылғандай, әрбір адамның тікелей немесе еркін сайланған өкілдері арқылы өз елін басқаруға қатысу құқығына сәйкес келеді.

Неліктен Жасампаз қоғам форматын бұрын жасалған басқа модельдермен,

тіпті әзірленген, бірақ жүзеге асырылмаған модельдермен салыстыруға болмайды? Өйткені қоғам ұйымдарының барлық басқа модельдерінде аздың көпшілікке жасырын немесе ашық түрде билік жүргізуі сақталған еді. Ал Жасампаз қоғамда ешкім, ешқашан билік тізгінін өз қолына ала алмайды немесе оны адамдардан иемденбейді, өйткені өзін-өзі басқару кезінде билік функциясы барлық адамдар арасында біркелкі бөлінеді.

Жасампаз қоғамда өзін-өзі басқару жүйесі қалай жұмыс істейтіні туралы қосымша ақпаратты «Дүниежүзілік дағдарыс. Шығатын жол бар» Халықаралық форумында ұсынылған бейнеден көріңіз:

Алдағы жылдарында бүкіл әлем бойынша Жасампаз қоғамды қалай құруға болады?

Жасампаз қоғамды құрудың екі кезеңнен тұратын нақты жоспары бар. Жасампаз қоғамды құрудың екі кезеңі де халықаралық және ұлттық заңнама нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
1
Ақпараттандыру кезеңі
Адамдар өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалана отырып, басқа адамдарға Жасампаз қоғам туралы ақпарат береді. Осылайша, бүкіл әлемде Жасампаз қоғам құру туралы қоғамдық сұраныс заңды және бейбіт түрде жасалады. Адамдардың көпшілігі бұл өтінішті неғұрлым тезірек қалыптастырса, соғұрлым Жасампаз қоғамды құрудың келесі кезеңіне өтуге болады.
2
Дүниежүзілік референдумды әзірлеу және өткізу кезеңі
Дүние жүзінің барлық елдеріндегі адамдардың көпшілігі Жасампаз қоғамды қолдағаннан кейін, бүкіл адамзаттың жалғыз қолайлы және адамзаттың аман қалуы үшін қажетті жасампаз даму моделін қабылдау туралы дүниежүзілік референдум дайындалып, өткізіледі.
Дүниежүзілік референдумға дайындық барысында оны өткізу үшін қажетті заңнамалық және техникалық база әзірленіп, қабылданатын болады.

Дүниежүзілік референдумда келесі сұрақ талқыға салынады:

Адамдар қоғамның тұтынушылық форматынан жасампаз форматқа өтуін және бүкіл адамзаттың біртұтас өркениетке — Жасампаз қоғамға бірігуін қолдай ма?

Оң шешім мынаны білдіретін болады:

дүниежүзілік Конституцияның негізгі ережелері ретінде Жасампаз қоғамның 8 Негізін қабылдау;

жер бетіндегі ең жоғары билік органы ретінде біртұтас дүниежүзілік Сайлау платформасын бекіту;

Жасампаз қоғамға өту кезеңінің басталу күнін белгілеу.

Дүниежүзілік референдумда оң шешім қабылданғаннан кейін халық өз билігін тікелей жүзеге асыра бастайды, ал саясаткерлер халықтың еркін орындаушыға айналады. Яғни, заңдарды қабылдау, барлық орындаушыларды тағайындау, бақылау және кері қайтарып алу, сондай-ақ барлық басқа да әлеуметтік маңызды шешімдерді тек халықтың өзі біртұтас дүниежүзілік Сайлау платформасында дауыс беру арқылы қабылдайды. Бұл платформа заңнамалық базаға айналады, яғни адамзат өмір сүретін жалпыға міндетті ережелердің бірден-бір көзі болады.

Жасампаз қоғамда өмір сүруді тезірек бастау үшін Сіз не істей аласыз?

Бүкіл әлем бойынша белсенді және заңды түрде айналаңызға, таныстарыңызға және бейтаныс адамдарға қоғамның Жасампаз форматы туралы ақпарат беретін миллиондаған адамдарға қосылыңыз. Бұл іс-әрекеттер Жасампаз қоғам құруға кең қоғамдық сұранысты қалыптастыру үшін қажет. Жер шарындағы адамдардың көпшілігі барлығына лайықты өмір сүру жағдайлары мүмкін екенін неғұрлым тез білсе, соғұрлым тезірек дүниежүзілік референдум өтеді.

Дүниежүзілік референдумда халықтың көпшілігі қоғамның пішімін тұтынушылықтан жасампазға ауыстыруды шешсе, шамамен 6 айдан кейін Жасампаз қоғамға ауысу кезеңі басталады, ол алдын ала есептеулер бойынша 5-6 жылға созылуы мүмкін. Ол аяқталғаннан кейін біз Жасампаз қоғамның жаңа дәуіріне аяқ басамыз.

Өтпелі кезеңнің алғашқы күнінен-ақ адамға көптеген жеңілдіктер мен артықшылықтар қол жетімді болатынын атап өткен жөн: әрбір адам қауіпсіз, гүлденген, тұрақты және еркін өмірге ие болады.

Жасампаз қоғам туралы барлығын тезірек және тиімдірек хабардар еткіңіз келе ме?

Тұрғылықты жеріңізде бар Координациалық орталықтарына қосылыңыз, егер олар жоқ болса, оларды өзіңіз аша аласыз. Бұл тиімді ақпарат беріп, Жасампаз қоғамның тезірек құрылуына жол ашады.
Сіздің Координациалық Орталығыңыз — бұл сіздің үйіңіздің, көшеңіздің, ауданыңыздың, қалаңыздың тұрғындарын Жасампаз қоғам туралы ақпараттандыруды өз мойнына алатын және жергілікті заңнамаға сәйкес волонтерлік негізде әрекет ететін адамдар.
Егер Сіз координациалық орталыққа қосылғыңыз келсе немесе Өзіңіз ашқан Координациалық орталық туралы ақпараттандырғыңыз келсе, бізбен хабарласыңыз: [email protected]

Жасампаз қоғам құрудағы
саясаткерлердің рөлі

Саясаткерлер, оның ішінде саяси партиялар мен мемлекет көшбасшылары, өздерінің кәсіби қызметі, атқаратын лауазымы, абыройы арқылы Жасампаз қоғам туралы ақпараттандыруға мол мүмкіндік бар. Саясаткерлердің ақпараттандыруға қатысуы Жасампаз қоғамның құрылуын жеделдетеді.

«Жасампаз қоғам» жобасының қатысушылары Жасампаз қоғам туралы ақпараттандыратын саясаткерлерді заңды түрде қолдай алады.

Жасампаз қоғамды қолдайтын саясаткер жобаның волонтеры болса да, билік пен көпшіліктің қолдауына ие болса да, заңнаманы, оның ішінде елінің конститутциясын өзгертетін мүмкіндігі болса да, бірінші кезекте өз мемлекетінің шекара тұтастығын, тәуелсіздігі мен мемлекетінің, халқының мүддесін, өзін сайлаған партияның мүддесін қорғауға міндетті.

Оның үстіне Жасампаз қоғамның тезірек құрылуы үшін үшін, саясаткерлер өз елдерінде және халықаралық ареналарда ақпараттандыру үрдісін тек заңды шеңберде жүргізуі тиіс. Елдің мүмкіндіктеріне қарай және халықтың қолдауымен Конситутцияға Жасампаз қоғамның жеке дара негіздерін енгізе алады, бірақ бұл адамдардың өзіне, құқығы мен бостандығына зиянын тигізбесе, мемлекетке қауіп төндірмей, оны әлсіретпесе, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени және өзге де жолмен мемлекеттің жүйесін бұзбаса, оның тәуелсіздігін, бостандығын, шекара тұтастығын жоғалтпаса, мемлекетті бәсекеге қабілетсіз қылмаса және оны өзге де жағымсыз салдарға әкелмесе ғана бола алады.

Бұл сақтық әлемдік референдумде жасампаз қоғам форматын қабылдаған мемлекет тұтынушылық форматты ұстанған, пиғылы таза емес, агрессивті, саясаты соғысқа бағытталған және Жасампаз қоғамның ең маңызды негізі — адам өмірінің құндылығын қамтамасыз ете алмайтын басқа мемлекетпен өзара байланысқа түсетінінде жатыр.

Жасампаз қоғамды қолдайтын адамдар ең бірінші өз елінің заңын сақтау керек және саясаткерлерден Жасампаз қоғамды жеке мемлекетке енгізуді, егер ол жалпы алғанда мемлекет пен адамдарға жағымсыз салдар әкелетін болса, талап етпеуі керек. Жасампаз қоғамның барлық негіздерінің толық орындалуы әлемдік референдумдегі оны құрылу шешімінен кейін мүмкін болады.

Жасампаз қоғамда әрбір адам тағы қандай пайда мен артықшылықтарға және перспективаларға қол жеткізе алады?

Жасампаз қоғам туралы толығырақ ақпаратты әлемнің 150 тіліне аударылған Халықаралық онлайн-форумдардан біле аласыздар:
Дүниежүзілік дағдарыс. Бізді құтқаратын Бірлік | Халықаралық онлайн-форум 12.11.2022
Дүниежүзілік дағдарыс. Шығатын жол бар | Халықаралық онлайн-форум 22.04.2023
ЖАСАМПАЗ ҚОҒАМ
Бізбен хабарласу:
[email protected]
Қазір әркім шынымен көп нәрсені жасай алады!
Болашақ әркімнің жеке таңдауына байланысты!