Logo Creative Society ЖАСАМПАЗ
ҚОҒАМ

ҚОҒАМ. СОҢҒЫ МҮМКІНДІК Адамзат тарихындағы ерекше телекөпір. Бүкіл әлем ашып айтқан шындық

2019 жылдың 11 мамырында «АЛЛАТРА» халықаралық қоғамдық қозғалысының платформасында жаһандық ауқымдағы ерекше оқиға — «ҚОҒАМ. СОҢҒЫ МҮМКІНДІК» халықаралық телекөпір өтті.  Бұл орасан зор оқиға Джорджия штатының Атланта қаласында (АҚШ) басталды.

«ҚОҒАМ. СОҢҒЫ МҮМКІНДІК» — бұл адамзат тарихындағы әлемнің көптеген елдерінің адамдарын тірі байланыс форматында біріктіретін алғашқы жаһандық конференция. Адамдар әлемнің әр түкпіріндегі көптеген конференц-залдарға жиналып, қоғамның маңызды және шын мәнінде өзекті мәселелерін ашық және шынайы талқылау үшін бір-бірімен Интернет арқылы байланысқа шықты.

Қатысушы елдер арасында: АҚШ, Украина, Ресей, Беларусь, Швейцария, Чехия, Испания, Словакия, БАӘ, Қазақстан, Германия, Өзбекстан, Ұлыбритания, Молдова, Италия, Латвия, Канада, Жаңа Зеландия және т.б. болды. Адамдар, ұлтына, дініне, кәсібіне, әлеуметтік жағдайына қарамастан, әлемде бірінші рет бірігіп, ашық мәтінде бүкіл өркениетті мазалайтын басты сұрақтың шындығын айтты:  «Бізге қалай, адамзат қоғам дамуының векторын, тұтынушыдан жасампазға өзгертүге болады?»

2019 жылдың 11 мамырдағы бірегей халықаралық конференцияға қысқаша бейне шолу

Спикерлерден халықаралық қауымдастықтың өзінің пайдалылығын жоғалтқан тұтынушылық форматқа қатысты нақты пікірін білдіретін анық және батыл сөздер естілді: «Бұл жерде біреу біреуді өлтіруге немесе үстемдікке  шақырмайды. Біз бәріміз бейбітшілікті, жақсы қарым-қатынасты қалаймыз. Бірақ, бізге  қорқыныш пен жеккөрушілік сезімдерін ұялатып, бізде жау бар екеніне сендіруге тырысып бағып жатқандар бар. Адамдар шағымданып жатқан жоқ. Шағым билік пен ақшаға құныққандар және оны бөле алмай, қырқысып жатқандар жағынан түсуде. Сол ақшаның біздікі, яғни халықтікі екенінде сөз жоқ қой».

БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН ФОРМАТ ЖӘНЕ ЖАНДЫ АУЫРТАТЫН СҰРАҚТАР

Жиналғандардың барлығы іс -шараның ерекше және бұрын — соңды болмаған форматын атап өтті. Барлық дерлік спикерлер іс -шара қонақтарымен және бүкіл әлеммен бірге отырып, тікелей аудиториядан, өз орындарынан сөйледі. Әр спикер мыңдаған адамдардың пікірін білдірді, және әр қатысушы әр түрлі қоғамдастықтың өкілі болды.  Барлығы бір-бірін бүкіл әлемдегі кинотеатрлар мен конгресс орталықтарының үлкен экрандарынан көрді. Әлемнің әр түкпірінің адамдары бір-бірінің көзіне қарап, делдалсыз сөйлесе алды!

Жұртшылық залдардан көтерілген уақытылы қойылған сұрақтарға ерекше сезімталдықпен қарады: «Бұл әркімнің жанына батқан мәселе! Ақыр соңында, ақпарат құралдарының сөз ойынысыз және саяси көз бояушылықсыз шындықтың айтылғанына қуаныштымыз. Бұл біздің адамдар біртұтастыққа берік екенімізді және әр түрлі елдерде жақсылық әлі де тірі екенін көрсетеді!» — деді жиналғандар.

«ҚОҒАМ. СОҢҒЫ МҮМКІНДІК» конференциясында көтерілген мәселелер келесідей болды:

Қалайша қоғамның тұтынушылық форматы біздің өркениетіміздің дамуын тығырыққа тірелуіне әкелді? Елдер мен халықтарға, барлығына нұқсан келтірмей, баршамыз бірігіп жасампаз қоғам форматына бейбіт түрде көшуі үшін не істеу керек?

Егер әлемнің әр түрлі елдерінің адамдары бір нәрсені - бейбітшілік пен бақытты өмірді қаласа, неліктен бізде ХХІ ғасырда соғыстар, халықаралық қақтығыстар, нәсілдік және діни кемсітушілік сияқты әлемдік проблемалар бар?

Неліктен әлемдік БАҚ-та жасампаз қоғам үшін маңызды ақпарат бұрмаланған немесе жасырылған? Жасампаз қоғамда БАҚ қандай болуы керек? Неліктен әлемде діндер көп, бірақ қоғамда адамгершілік жоқ? Егер белгілі мысал алатын болсақ, мұсылмандар үшін ислам — бұл Махаббат діні болса, онда неліктен әлемде Исламның беделі түсіріледі?

Адамзатқа 12-ге 2 минут қалғанын көрсететін «Қиямет сағаты» деп аталатын тілшені орнатып, оны әлемдік БАҚ-та «халықаралық жағдайдағы шиеленіс факторы және ядролық қару-жарақ жарысы» ретінде насихаттаған кім, неліктен 12-ні «апокалипсис және адамзаттың толық жойылуы» деп белгіледі?

Барлық ізгі ниетті адамдарды қалай біріктіруге болады? Мүмкіндік бар! Адамдар бірігіп көп нәрсені жасай алады!

Бұл G20 ойыны емес. Бұл әлемнің әртүрлі елдерінің еркін адамдары, олар ашық мәтінде шындықты айтады және басты басымдық Бейбітшілік, Ар-ождан және Адамгершілік болатын біртұтас жалпы адамзат отбасында өмір сүруді қалайды.

БІР ЖЫЛДАН КЕЙІН БАРЛЫҚ АДАМЗАТТЫ БІРІКТІРУ

Бұл ауқымды іс-шарада спикерлер барлығын бір жылдың ішінде мамырдың екінші сенбісінде одан да ауқымды «ҚОҒАМ. СОҢҒЫ МҮМКІНДІК 2020» #allatraunites халықаралық онлайн-конференциясын ұйымдастырып, бүкіл әлемді жинап, барлық елдердің өкілдері мен көшбасшыларын шақыруды жоспарлады:

«Бүгін мамырдың екінші сенбісі. Бір жылдан кейін әлемнің барлық адамдарымен, бүкіл әлемдік қауымдастықпен, көшбасшыларымызбен және мемлекеттік қызметкерлермен бірге жиналайық. Егер жоғары шенді шенеуніктер шынымен де қарапайым халыққа жақындап келуге ерінсе, ешқандай проблема жоқ, олар өз кеңсесінен, ыңғайлы орындықтарынан, интернет арқылы қосыла алады. Бүкіл әлемдік қауымдастықтың көзіне қарап, монитор арқылы да, олар біздің сұрақтарға қарапайым азаматтар сияқты жауап бере алады, өйткені олар бүгін президент, ал ертең олар қарапайым адамдарға айналады. Бәріміз жиналып анықтайық, біздің басшылар бізді шынымен де өлтіргілері келеді ме екен? Біз сұрағымыз келеді, олар бізге шынымен не істеп жатыр - олар бізді құтқарып жатыр ма, әлде қорқытып жатыр ма?»

Бұл үшін әрқайсымыздың қолымыздан көп нәрсе келеді. Әр адам өзінің адами ұстанымын білдіріп, жаңа жасампаз қоғамның қалыптасуына үлес қосуы үшін конференция туралы мүмкіндігінше көп адамға хабарлауға өз күш-жігерін сала алады. Әрбір саналы адам өмір сүргісі келетін қоғам туралы:

Біз бәріміз жақсы әлемде өмір сүргіміз келеді, егер оны өзіміз жасамасақ, онда кім жасайды?... Осы конференция туралы ақпаратты БАҚ пен барлық әлеуметтік желілерде бөлісейік, жаһандық ауқымда бар күшімізді салайық. Бұл соңғы мүмкіндік, біз сағатты алып тастап, бақытты өмір сүре аламыз. Бірақ егер біз бұл бірігу мүмкіндігін пайдаланбаймыз деп шешсек, онда неге соңғы екі минуттың аяқталуын күтуіміз керек. Біз дәл қазір сағат тілінің түн ортасына жылжыта аламыз. Ертең әлемнің қандай болатындығы бізге байланысты. Біз климаттың өзгеруіне әсер ете алмайтынымызды түсінеміз, бірақ біз адамдар арасындағы қарым-қатынасты өзгерте аламыз. Сонымен, келесі жылы мамыр айының екінші сенбісінде кездесейік және бірге өркениетіміздің жүрер жолын таңдайық!»

ӘЛЕМНІҢ РЕЗОНАНСЫ #CREATIVESOCIETY

«ҚОҒАМ. СОҢҒЫ МҮМКІНДІК» бірегей конференциясы, бүкіл әлемде үлкен резонанс тудырды. Іс-шара аяқталғанымен, әр түрлі елдің адамдары тарауға асықпады. Түннің ортасына дейін естілген, көрілген пікір-таластар, бейнетаспаға түсірілген шолулар мен ұсыныстар талқыланды. Барлығы бұл оқиғаның қаншалықты маңызды екенін біржақты атап өтті: ақырында шындық бүкіл әлемге естілді! Жиналғандар (қоғам қайраткерлері, консулдар, түрлі ұйымдардың өкілдері, еңбек сіңірген қайраткерлер және барлық шақырылғандар) өздерінің келісім ұстанымдарын және осы ақпаратты кеңінен таратуға және жаңа форматтағы «ҚОҒАМ. СОҢҒЫ МҮМКІНДІК. 2020» жаһандық ауқымдағы шараның дайындығына нақты көмек көрсететіндерін және оған қатысуға дайын екендерін білдірді..

Әлемдік әлеуметтік желілерде #allatraunites хэштегінің танымалдығы артып келеді, ол бүкіл әлем жұртшылығының назарын әркімнің жақын болашағына қатысты бірегей жаһандық бастамаға аударуға арналған! Бұл идея әлемнің түкпір-түкпірінен іс-шараға қатысушыларды әрекет етуге шабыттандырды, себебі бұл жалпы ұлт аралық бастама — бүкіл адамзат үшін қазіргі дағдарыстар мен тығырықтан шығудың нақты жолы! Ал енді кез келген адамда жарқын әрі жақсы болашақтың болуын қамтамасыз етуге күш салу мүмкіндігі бар!

Жоба туралы видео- пікірлер: