Logo Creative Society ЖАСАМПАЗ
ҚОҒАМ

ЖАСАМПАЗ ҚОҒАМНЫҢ 8 НЕГІЗІ

Адам — ол қоғамның негізін қалаушы бірлік.
Адамзат — үлкен бір отбасы.
1
Адам өмірі

Адамның өмірі - ең жоғары құндылық болып табылады. Кез-келген Адамның өмірін əрбір адам өз өмірі сияқты қорғауы керек. Қоғамның мақсаты - əрбір адамның өмірінің құндылығына қатысты жағдай жасап əрі кепілдік беру. Адамның өмірінен артық ешнəрсе жоқ жəне болуы да мүмкін емес. Егер бір Адам құнды болса, онда барлық Адамдар да құнды!

2
Адам бостандығы

Əр адам, дүниеге келгенен бастап Адам болу құқығына ие. Барлық Адамдар туылғаннан еркін жəне тең. Əркім өзінің таңдау құқығына ие. Жер бетінде Адамның еркіндігі мен құқығынан ешкім де, еш нəрсе де жоғары болмайды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмеуі керек.

3
Адам қауіпсіздігі

Қоғамда ешкімнің де жəне ешнəрсенің де Адамның өмірі мен бостандығына қауіп төндіруге құқығы жоқ!

Əр адамды өмірлік негізгі қажеттіліктермен ақысыз қамтамасыз етуге, яғни оның ішіне азық-түлік, баспана, медициналық қызмет, оқу-білім жəне толық əлеуметтік жағдаймен қамтамасыз етуге кепілдік беріледі.

Қоғамның ғылыми, өндірістік жəне технологиялық қызметі тек Адам өмірінің сапасын жақсартуға əрі пайдалы болуға бағытталуы тиіс.

Экономиканың тұрақты болуына кепілдік беріледі: инфляция мен дағдарыстар болмайды, бүкіл əлем бойынша заттардың бағасы тұрақты жəне бірдей болады, əлемдік бірыңғай ақша, белгіленген минималды салық немесе салық мүлдем болмайды.

Адам мен қоғамның кез келген қауіпсіздігі Əлемдік біріккен төтенше жағдайлармен күресу орталығының қызметімен қорғалады.

4
Барлығына ақпараттың ашықтығы мен айқындылығы

Әр адамның қоғамдық қаражаттың қозғалысы мен бөлінуі туралы шынайы ақпарат алуға құқығы бар. Қоғамның шешімдерінің орындалу жағдайы туралы ақпарат әр адамға қол жетімді болады.

Бұқаралық ақпарат құралдары тек қоғамға тиесілі болып шынайы ақпараттармен əрі ашықтық пен адалдық негізінде көрсетіледі.

5
Жасампаздық идеология

Идеологиялық танымдар Адамға тəн ең жақсы қасиеттерді насихаттауға жəне адамгершілікке теріс барлық нəрсені жасамауға бағытталатын болады. Негізгі басымдықтар - Адамдық қасиеттерге, Адамның ар-ұяты мен Рухани даму жолына бағытталады жəне сондай-ақ ынтымақ пен тұтастыққа əрі ұждан мен ар-ұят негізінде өзара құрмет пен сыйластыққа жəне достық пен бауырмалдық ұстанымдарға негізделген болады.

Адамдардың бойында нағыз Адамдық қасиеттердің пайда болуы мен тəрбиеленуіне жағдай жасау жəне бүкіл қоғаммен қоса əрбір адамда моральдық адамгершілікке негізделген рухани құндылықтарды өсіру.

Зорлық-зомбылықты насихаттауға тыйым салу, бөлінудің, агрессияның, адамгершілікке қарсы көріністердің кез-келген түрін сөгу және айыптау.

6
Тұлғаның дамуы

Əрбір Адам Жасампаз қоғамда өзін-өзі жан-жақты дамытуға əрі қабілеттерін шыңдап, іске асыруға құқылы.

Бəріне бірдей қолжетімді, ақысыз білім берілу керек. Адамның шығармашылық қабілеттері мен талантын, əрі ерекше дарынын пайдалы істерге асыру үшін жағдайлар жасалып жəне кең мүмкіндіктер беріледі.

7
Әділдік және теңдік

Барлық табиғи пайдалы ресурстар адамдарға тиесілі жəне барлық адамдар арасында əділ теңдей бөлінуі тиісті. Ресурстарды монополиялық жолмен жеке иемденуге жəне оларды ұтымсыз, бей-берекет пайдалануға жол берілмейді. Жер бетіндегі ресурстар бүкіл жер шарының тұрғындары арасында əділ бөлінуге міндетті.

Адамға қалауы бойынша жұмыспен қамтамасыз етілуіне кепілдік беріледі. Бір лауазымға, мамандыққа, қызметке төленетін жалақы мөлшері бүкіл әлемде бірдей болуы керек.

Əркімнің жеке меншікке жəне жеке табысқа ие болуға құқығы бар, алайда Қоғам белгілеген капиталдандыру шегінен аспауы тиіс.

8
Қоғамның өзін-өзі басқаруы

«Билік» ұғымы Жасампаз қоғамда мүлдем болмайды, өйткені бүкіл қоғам үшін жауапкершілік пен оның дамуы, өмір сүру жағдайлары мен үйлесімді тəртібі, барлық Адамға жүктеледі.

Əр адам Жасампаз қоғамның қоғамдық істерімен айналысуға жəне Адам өмірін жақсартуға бағытталған заңдардың қабылдануына өз үлесін қосуға əрі қатысуға құқылы.

Адамзат қоғамының өмір сүру сапасының өзгеруіне əсер ететін əлеуметтік маңызды жағдайлар мен экономикалық мəселелердің шешімі бүкіл халықтық талқылауға яғни референдум арқылы дауыс беруге ұсынылып қана шешіледі.

Creative society Logo with ALLATRA ornament
Жасампаз қоғамды құру кезеңдері туралы толығырақ «Жасампаз қоғамды құру негіздері мен кезеңдері» мақаласынан білуге болады.
Оқу