Қоқыс мафиясы. Әркімді таңғалдыратын шындық...

12 ақпан 2022

Сіздерді біздің әлемнің қоқыс үйінділеріне ерекше саяхатқа шақыруға рұқсат етіңіздер. Әрбір тұтынушы үшін, шын өмірде немесе виртуалды түрде қоқыс шығарылатын жерлерге бару және бұл қоқыстармен артынан не болатынын аздап білу артық болмас. ⠀

Адамдар көбінесе аурулардың, аллергияның және басқа да сырқаттардың неден пайда болатыны туралы ойланбайды. Бекер. Бұл дүниеде бәрі бір-бірімен байланысты, оған сіз қазір көз жеткізесіз.

Қоқыс мәселесіне қайта оралайық... Қоқыс бизнесі үлкен пайда әкеледі, әсіресе бәрі құжатсыз, тек жоғары жақтағылардың келісімдері негізінде ғана болғанда. Бұл қоқыс мафиясы.

«Жасампаз қоғам» жобасының еріктілері 2021 жылдың 4 желтоқсанында, 100 тілге ілеспе аудармамен өткен «Дүниежүзілік дағдарыс. Шындық уақыты» конференциясына арнап қысқаша бейнесюжет дайындады.

https://creativesociety.com/kk/conference_04_12_2021

Бұл сюжетте сіз қоқыс бизнесінің не екенін және ол біздің әрқайсымыздың денсаулығымызға қандай қауіп төндіретінін білесіз.

Полигондардың проблемаларының бірі – қалдықтардың сұрыпталмауы. Тұрмыстық техника мен медициналық қалдықтар бір жерде сақталады.

Полигондарда адам дене бөліктері, шприцтер және басқа да қалдықтар табылған.

Экскаваторлар, қоқысты аударыстырғанда, үйсіз қаңғыбастарды байқамай езіп кетіп жатыр.

Мәселенің ауқымы қаншалықты күрделі екенін және онымен не істеуге болатынын білу үшін бейнені көріңіз. Бұл ақпаратты достарыңызбен бөлісіңіз. Пікіріңізді қалдырыңыз.

Өйткені, біз адамдар бірігіп, бүгінде жағдайды жақсы жаққа өзгерте аламыз.

Ақпаратты басқа адамдармен бөлісу, өз болашағымыз бен артымызда қалдыратын болашағымыздың белсенді жасаушылары болу өте маңызды.

Пікір қалдыру
ЖАСАМПАЗ ҚОҒАМ
Бізбен хабарласу:
[email protected]
Қазір әркім шынымен көп нәрсені жасай алады!
Болашақ әркімнің жеке таңдауына байланысты!