ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ КЛИМАТТЫҚ КАТАКЛИЗМДЕРДІҢ КАРТАСЫ

Климат – бүкіл адамзаттың бірден-бір жауы. Соғыс жарияламай шабуыл жасайды, аяусыз әрекет етеді, территорияларымызды басып алады.

Картада бүкіл планетамыздағы климаттық соққылар көрсетілген.
Бұл қирауларға әкелген, материалдық залал келтірген, адамдардың денсаулығына зиян тигізген және кісі өліміне әкелген аномальды және апатты климаттық құбылыстар.

Климаттық катаклизмдердің мониторингі негізінде карта күн сайын жаңартылып отырады,
оны бүкіл әлем бойынша «Жасампаз қоғам» жобасының еріктілері жүргізеді.
Мониторинг жалпыға қолжетімді дереккөздерден алынған ақпарат арқылы жасалады:
мемлекеттік метеорологиялық бюролар, елдердің климаттық қызметтері, БАҚ, метеорологиялық және климаттық деректерді бақылауға арналған цифрлық платформалар, әлеуметтік желілер және т.б.

Картада 2021 жылдың 04 желтоқсанынан бастап планетада орын алған климаттық катаклизмдер көрсетіледі.

Қазіргі уақытта Климат оқиғаларының мониторингі деректер базасынан картаға ақпаратты көшіру процесі жүргізілуде.