Халықаралық онлайн-конференция «Жасампаз қоғам. Біріксек, бәрін жасаймыз»

2020 жылдың 20 желтоқсаны — адамзат тарихының өзгеріс күні.
Бұл күні біз, адамдар, қауіпсіз, ізгілі, бақытты қоғам құру үшін әрекет етуге дайын екендігіміз туралы хабар бүкіл әлемді жасампаз толқынмен өрбітті!
Балаларымызға ұялмай қалдырып кететін қоғам.
Біз баршамыз барлық адамдарға бейбітшілік пен жақсылықты қалай отырып осындай әлемді құру үшін жауапкершілік алуға дайынбыз.
The international online conference “Creative Society. United We Can” was initiated by the participants of the ALLATRA IPM from the US and was simultaneously translated into more than 30 languages by volunteers from all over the world. Millions of people have seen and will see this grand event, as it was broadcast on thousands of channels on all social networks and online platforms of the world.
Бір мақсатта - Жасампаз қоғамды құру төңірегінде бірігу күшінің қаншалықты зор екендігін, адамдар өздері үлгі болып көрсетті. Өйткені тек бірлесіп үйлесімді әрекет етудің арқасында әлем бұрын-соңды көрмеген осындай іс-шараны ұйымдастырып өткізуге мүмкіндік туды.
speakerImg
Алина Фёдорова
Медициналық қызмет көрсету саласындағы кәсіпкер (Швейцария)

Бұл жерде шындық бүкіл әлемге естіліп тұр: біз ас үйде сыбырласып жатқан жоқпыз, ашық айтып жатырмыз. Үнсіздік танытуға біз тым көппіз, сондықтан жиналып сөйлесуге рұқсат сұрауымыз керек жоқ.

speakerImg
Лесли Магнум
«Жасампаз қоғам» жобасының қатысушысы (АҚШ)

Біз тұтыну қоғамының шындығын көріп, оның пайдасы жоғын, тығырыққа әкелгенін түсініп отырмыз. Біз бір нәрсені өзгертуіміз керек және осыны бәріміз жақсы түсінеміз, енді біз көптен бері, атап айтқанда 6 мың жыл бойы күткен бір нәрсенің орындалуының төңірегінде тұрғанымыз анық. Жасампаз қоғам жобасы - бұл әлемде бұрын-соңды болмаған ерекше идеялардың бірі.

speakerImg
Стив Донофрио
Халықаралық спикер, жаттықтырушы, коуч (АҚШ)

Біреу: «Тыңдашы Стив, осы Жасампаз қоғамның артында кім тұр?» — десе. Ешкім тұрған жоқ. Мен бүкіл әлемнің адамдарымен бірге тұрмын. Мен бұл адамдардың жанында тұрмын, ешкімді соңымнан жетелемеймін, ешкімнің соңынан ермеймін, бауырларымның қасында тұрмын. Олардың барлығы менің отбасым — Жасампаз қоғам!

Конференцияда соңғы 6 мың жыл бойы іргесі қаланған қоғамның құлдық тұтынушылық форматы әшкере етілді. Соғыстар, зорлық-зомбылық, сыбайлас жемқорлық, біреулердің миллиондаған адамдардың үстінен билік етуі, аштық пен кедейлік - біз бүгінгі күнде осыған жеттік. Бұл туралы БАҚ-та жарияланбайды, қоғамда да бұл туралы сөйлемеу әдетке айналған. Бірақ айналада болып жатқан оқиғаларға қашанға дейін үнсіз қарап отыруға болады? Өйткені зұлымдық әшкере етілмеген жағдайда, ол одан сайын көбейе түседі.
Біз осыны өзгерте аламыз ба? Егер біз тұтынушылық қоғамды құрған болсақ, онда біз Жасампаз қоғамды да құра аламыз. Бүкіл қоғам өмірінің жауапкершілігі әр адамның мойынында!
Жасампаз қоғамдағы адамзаттың даму перспективалары конференцияның өзекті тақырыптарының бірі болды.
Әр түрлі қызмет салаларының мамандары Жасампаз қоғамда әрқайсымыздың өміріміз қалай өзгеретінін көрнекі мысалдармен көрсетті және Жасампаз қоғамды құру кезеңдері туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Осы идеяның аясында бүкіл адамзаттың бірлесуінің маңыздылығы мен біздің жалпы болашағымыз үшін әрбір адамның жасай алатын нақты қадамдары аталып өтті.
videoImg
videoImg
speakerImg
Марина Овцынова
«Жасампаз қоғам» жобасының қатысушысы (АҚШ)

Жасампаз қоғам әр адамға тең құқықтар мен өз қабілеттерін іске асыруға шексіз мүмкіндіктер береді, біздің барлық игіліктерімізді өзімізге қайтарады, бізге және балаларымызға қауіпсіздік пен толық әлеуметтік қолдау береді. Саясат шынымен де халықаралық байланыс пен бірлесудің құралына айналады және халықтар арасындағы достыққа оң ықпалын тигізеді. Ал Жасампаз қоғамның 8 Негізіне негізделуі себебінен, Жасампаз қоғамның заңдары әр адамның мүдделерінің сақталуына кепілдік береді.

speakerImg
Паримал Мерчант
Ш.П. Джайна атындағы Жаһандық Менеджмент Мектебінің FMB Жаһандық бағдарламасының директоры (Үндістан)

Барлық адамдарға тегін әрі қолжетімді азық, денсаулық сақтау мен білім беру және әркімнің өмір сүру сапасы лайықты болатын әлем болса сіз оған қалай қарайсыз? Адам басты құндылық болып табылатын және адамнан жоғары ештеңе болмайтын әлемге қалай қарайсыз? Ешбір адам басқа біреуден кем болмайды, яғни билік, мемлекет, полиция, әскер, дін - бәрі адамның қызметінде болады, демек оның үстінде емес. Сонымен бірге барлық адамдар теңдікті құрметтейтін болады.

speakerImg
Диана Олейник
Психотерапевт

Тұтынушылық қоғам бұл — қорқыныш басым болатын қоғам, бұл дәрменсіздікті қалыптастырудың шарты, ал Жасампаз қоғам бұл — сүйіспеншілік пен қолдау көрсетудің шарты, әркім бәрін жасай алатын жағдай. Біз нені таңдаймыз: махаббатты ма, қорқынышты ма? Адам қорқынышты таңдаса, әрекет етпейді. Махаббатты таңдаса — өзін, балаларын, жақындарын, айналасындағы адамдарды жақсы көрсе - адам әрекет етеді.

Бұл конференция өзгерістің бастамасы болды. Адамдар жасаған белсенді жасампаз әрекеттерінің толқыны бүкіл әлем бойынша көтеріліп келеді және ортақ мақсатымыздың қаншалықты тез жүзеге асатыны тек өзімізге байланысты.

Құрметті достар! Бізде қазір Жасампаз қоғам құрудың ерекше мүмкіндігі бар. Ол үшін планетадағы әрбір адам осы бастама туралы біліп, өз таңдауын жасауы керек. Барлық достарымыз бен таныстарымызды жеке кездестіргенде немесе телефон кітапшасындағы контактілерді, әлеуметтік желілерді, сайттарды, ютуб каналын және т.б. хабарлау тәсілдерін пайдалану арқылы Жасампаз қоғам туралы ақпаратпен таныстырайық. Қазір бүкіл адамзаттың қаншалықты тез хабарланатындығы әр адамға байланысты!

speakerImg
Ольга Симпсон
«Жасампаз қоғам» жобасының қатысушысы (АҚШ)

Жобаның белсенді қатысушыларының арқасында адамдарда енді ғана таңдау мүмкіндігі пайда болды: олар қайндай қоғамда өмір сүргісі келеді - тұтынушылық па немесе Жасампаз ба? Өйткені сен Жасампаз қоғамның не екенін білмесең, сенің басқа таңдау мүмкіндігің де жоқ. Ең қызығы, адамдардың көпшілігі мұндай қоғамды көптен армандағаны және әрекет етуге дайын екені туралы айтты.

speakerImg
Джейсон Белл
«Жасампаз қоғам» жобасының қатысушысы (АҚШ)

Егер біз күш-жігерімізді біріктіретін болсақ, онда аз уақыт ішінде Жасампаз қоғам құра аламыз. Бұған көп уақыт жұмсаудың қажеті болмайды. Бүгін адамдар сонша көп жиналды!

speakerImg
Екатерина Черкасова
«Жасампаз қоғам» жобасының қатысушысы (АҚШ)

Бұл идея туралы бір адам бес адамға айтады делік, ал сол бесеуі тағы бесеуіне айтады. Осылайша жиырма бес болады. Содан кейін жүз жиырма бес болады, геометриялық прогрессия ережесін қолдана отырып, күндер санын санадық, ол 14 күннен сәл ғана асып түсті! Яғни, бүкіл адамзатқа Жасампаз қоғам идеясын жеткізу үшін 14 күн жеткілікті!

speakerImg
Паримал Мерчант
Ш.П. Джайна атындағы Жаһандық Менеджмент Мектебінің FMB Жаһандық бағдарламасының директоры (Үндістан)

Мен телефон кітапшамды ашып, 800-ден астам контактінің бар екеніне таң қалдым. Мен оларға бір жолмен хабарламалар жібере бастадым: «Адам өмірі — ең құнды. Егер келіссең, мына жерден көбірек біле аласың». Болды. Келесі аптада мен тағы бір хабарлама жібердім: «Әрбір адамның қауіпсіздігі. Егер саған ұнаса, келіссең, бұл туралы әрі қарай сөйлесе аламыз». Сегіз апта бойы мен біртіндеп Жасампаз қоғамның барлық негіздерін жібердім, адамгершілігі мол әлем құру үшін. Олардың көпшілігі жауап берді, көбісі болашақта жауап береді. Ең жақсы әлемнің құрылуына шынайы үлес қосу мен үшін үлкен бақыт. Адамгершілікке толы Жер мен Жасампаз қоғам құру жолында күш-жігерімізді біріктірейік! Рахмет!

Конференцияда бүкіл әлемнің адамдары тұтынушылық үлгі жүйесінен ада, Жасампаз қоғамды бірігіп құру туралы нақты шешімдерін білдірді. Әрбір адамда осы жобаға қосылудың мүмкіндігі бар және «Қосылу» формасын толтырып, сондай-ақ Жасампаз қоғам туралы ақпаратпен бөлісу арқылы өз белсенділігін таныта алады.
ЖАСАМПАЗ ҚОҒАМ
Бізбен хабарласу:
[email protected]
Қазір әркім шынымен көп нәрсені жасай алады!
Болашақ әркімнің жеке таңдауына байланысты!